Алматы облысында 800 мыңға жуық тұрғын екпе алды

Алматы облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға шалдығудың 137 жағдай тіркелген. Оның 115-і сиптомды болса, 22-де ауру белгілері байқалмаған,-деп хабарлайды «Jetisy Media» облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

КВИ анықталған 137 жағдайдың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 22, оқушылар арасында 12 және студенттер арасында 1 жағдай. Айта кетейік, облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,3% — дан 0,2% — ға дейін төмендеді.
Бүгінде 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2561,9 құрады.
Естеріңізге саламыз, 2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың 25 қазанына дейін Алматы облысында КВИ зертханалық расталған 54 759 жағдай тіркелген, оның ішінде 40 610 жағдайдың симптом белгілері бар.
Өңірде коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Осы уақытқа дейін, 798 713 (67%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 719 777 (60%) тұрғын егілді.