Алматы облысының спортшысы ММА бойынша Орталық Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Текелі қаласының тумасы Жақсыбек Аймаханов 77 келі салмақ дәрежесінде ММА бойынша Орталық Азияның бірінші чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

8-11 қазанда Өзбекстан Республикасының Нукус қаласында ММА бойынша бірінші Орталық Азия чемпионаты өтті, оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан спортшылары қатысты.

Халықаралық додада ел намысын қорғауға 17 спортшы аттанды. Олардың 12-сі әр түрлі дәрежедегі медальдармен үйлеріне оралды.