«Мен Тәуелсіз елдің мақтанышымын»

Тәуелсіздік елімде,
Бақыт құсы самғап ұшты көгімде
Қазақ деген ғажап халық қашаннан,
Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы
қарсанында аудандық мәдениет үйінің «АлиНаз» би ансамблінің
ұйымдастыруымен «Мен Тәуелсіз елдің мақтанышымын» атты челлендж
ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты жастардың патриоттық сезімдерін
нығайту, тәрбиелікке баулу. Ағымдағы жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30
жылдығы аясында ауданда бір қатар жобалар жүзеге асырылуда.