ҮЙДЕ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚР «Білім туралы» заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес денсаулық жағ- дайына байланысты ұзақ уақыттар бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмай жүрген азаматтар үшін үйде жеке тегін оқыту ісі ұйымдастырылады. Егер баланың мүмкіндігі шектеулі болса, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орыны оқыту бағдарламасын ата-ананың қатысуымен белгілейді.
Үйде оқыту баланың оқитын мектебі тарапынан ұйымдастырылады және мынадай құжаттарды қажет етеді:
— дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ВКК) үйде оқытуды ұсынған анықтамасы. Бұл оқушыны үйде оқыту туралы бұйрық шығаруға негіз болатын құжат
— психологиялық-медициналық-педагогикалы консультация қорытындысы. Онда тиісті оқыту бағдарламасы көрсетіледі.
Баланы үйде оқыту үшін қызмет алушы мемлекеттік қызмет берушіге жүгінеді және қажетті құжаттарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арнаулы білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініші (еркін түрде).
2)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе өзге заңды өкілінің арнаулы білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініші (еркін түрде););
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.
Қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері
Д.Занигинова