Бірлікпен өткен бір күннің қадірі биік!

                                                                              «Өмір – теңіз, онда жүзем демеңіз,
                                                                              Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»
                                                                                                  Рудаки
Сәби өмірге шыр етіп келгенде тек анасын танып туады. Өсе келе жан-жағын біліп достыққа,татулыққа, ізгілікке ұмтылады. Және ең бастысы сәби ұлт талғамайды. Айналасында жүздеген ұлт өкілдерін көре, көзі үйренген жас бала ешкімді бөліп жармайды. Иә, бұл біздің елдің, біздің мемлекеттің тұрғындарына тән қасиет. Ол әрине Тәуелсіздік пен Елбасының жемісі мен жеңісі.
Біздің елде жүргізіліп отырған парасатты  саясаттың нәтижесінде Қазақстан жер әлемге, кез-келген адам баласына өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың киелі мекені екенін көрсетті, көрсетіп те келеді.Сөзіме дәйек келтіре кетейін: «Елбасының жылсайынғы дәстүрлі жолдауларының бірінде «Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық» -деп атап айтқаны.
Әр қазақ баласы бөркін көкке лақтырып, аяғын сенімді басуы да Тәуелсіздіктің бергені. Әр әнімізге қосылған Тәуелсіздік бізге қалай келді? Діннің рөлі қандай?
Дін еліміздегі бірліктің рухани тірегі болып,әр адамның тазалық пен адамдыққа толы жүрегі болып, халықтың татулығы мен тыныштығы үшін қызмет ететін өзінің негізгі міндетін мінсіз атқарғанының нәтижесінде еліміз осындай биіктерге қол жеткізіп отыр.
Негізі, адамзаттың бір-біріне өшпенділікпен қарау арқылы діттеген мақсаттарына жете алмайтыны айдан анық. Ашу пен кектің жүрген жері тек қара шұңқыр. Ал керісінше мейірім, рақымшылық, татулық,кешірімшілдік, беріктік, қарапайымдылық, ұстамдылық, сабырлық сияқты мұсылманшылық құндылықтарды жастар арасында дұрыс жеткізу арқылы қоғамдағы діни келісім мен бірлікті, татулықты одан әрі нығайту бек мүмкін. Иә, дәл осы бірліктің арқасында ата бабамыз аңсаған азаттық қа қол жеткіздік. Бодандық үшін күрескен боздақтар ең алдымен жүрегіндегі иманына сенді. Діннің бірден бір әсері осы тұста. Тәуелсіздің таңы ата салысымен әр Қазақстандық қысылмай, қымтырылмай тыныстай бастады. Әр сөзіне шүкіршілік қосты. Әр асына бата жасады. Бұл мейірім қайдан келді? Әрине тұңғиықтың түбінде, бізге қуат беріп жатқан иманымыз емес пе? Ендеше дінге берік болайық азат елдің ұрпақтары! Кешегі Абылай, Абай, Шоқан аңсаған азаттығымыздың орда бұзар отыз жылдығы құтты болсын!