ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНА ҮШ АДАМ БАТЫП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Қапшағайда үш адам құтқарылды. Бұл туралы «Жетісу шұғыласы» газеті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

1 тамыз күні сағат кешкі 17.26-да Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауын патрульдеу кезінде Қапшағай өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары катамаранмен батып кете жаздаған 3 адамды құтқарды.

Анықталғанындай, үш азамат (1987, 1989 және 2003 жылы туған) Қапшағай су қоймасы бойында су катамаранын теуіп жүрген, бір сәтте катамаран ішіне су толып, ол бата бастаған. Осы уақытта суда патрульдеп жүрген құтқарушылар болып жатқан жағдайды байқап, оларға көмек көрсетті.

Алматы облысының төтенше жағдай қызметі азаматтардан суда жүзу кезінде аса мұқият болуды және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.