Өзбекстанда тарихи-ақпараттық тур барысында не көре аласыз?

Өзбекстанда тарихи-ақпараттық тур барысында не көре аласыз?

«Өзбек өз-ағам» деген көршілес ағайындарға деген еліміздің ізеттілігін еске түсіріп «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры президенті Нәзия Жоямергенқызының шақыруымен Жетісу журналистері Өзбекстанға іссапар барып қайтты.
Ежелден көрші, әрі бауырлас Өзбекстан туралы не білеміз, нені білмейміз? Туризм мен жеңіл өнеркәсіптегі, мәдениет саласындағы жетістіктері, төл руханиятын сақтауы мен мемлекеттік тіл мәртебесін тиісті деңгейінде қандай?

Сан ғасырлық тарих пен жаңа мәдениет тоғысқан Ташкентте орта ғасырдың құнды ескерткіштері мен небір құнды жәдігерге толы мұражайларды міндетті түрде көру қажет. Шеберлердің әлемдік қолөнер қоржынына қосқан үлесін бағалап, сан ғасырда сызат түспеген орта ғасыр ғимараттарын тамашалау бір топ қазақ журналистеріне де бұйырды.
Өзбекстанның Елордасы Ташкентке жолыңыз түссе, төменде 10 нысанды мысалға келтіре аламын.
1. Ташкент метрополитені
Ташкент метросының бірінші желісі 1977 жылы ашылған. Қазір метрода жалпы ұзындығы 36 км болатын үш желі және 29 станция бар. Метроны безендіруге ең жақсы суретшілер мен дизайнерлер шақыртылған. Станциялардың дені өзбек халқының ұлттық нақышында безендірілген. Метро таңғы алтыдан кешкі он бірге дейін ашық. Күн сайын 60 мыңнан 100 мыңға дейін жолаушы келеді. Бүгінде метро жылдам көлік құралы ғана емес, соныен қатар, шаһардың басты көрікті жерлерінің бірі.

2. Әлішер Навои ұлттық саябағы
Ташкенттегі ең үлкен ұлттық саябағына өзбек ақыны – Әлішер Навоидың есімі берілген. Аумағы 65 га. Әсем саябақта күн сайын отбасылар, зейнеткерлер, балалар, туристер демалады. Бұнда әдемі гүлзарлар, субұрқақтар, орындықтар, сондай-ақ, мәдени және рухани орталық Әбілқасым медресесі мен неке сарайы орналасқан. Ұлттық саябақта бүлдіршіндерге арналған алаңдар өте көп.

3. Тәуелсіздік алаңы
Өзбекстан астанасының жүрегінде Тәуелсіздік алаңы орналасқан (түпнұсқа атауы Мустакиллик Майдони). Әдетте мұнда мерекелер мен фестивальдар өтеді. Саябақтағы биік субұрқақтар алаңға ерекше көрік беріп тұр. Бұнда ескерткіштер мен туристік нысандар бар. Олардың ең бастысы жер шары түрінде жасалған Тәуеліздік пен гуманизм монументі. Онда Өзбекстанның шекарасы белгіленген. Ал, қолында баласы бар әйелдің мүсіні Отанды, халықты қорғайтын ананы бейнелейді.

4. «Ерлік» монументі
Ескерткішті 1970 жылы мүсінші Дмитрий Рябичев 1966 жылғы жер сілкінісін еске алу мақсатында мүсіндеген. Бұл табиғи апат қала тарихында терең із қалдырды, өйткені қатты дүмпудің салдарынан Ташкент тұрғындарының жартысына жуығы баспанасыз қалды. Сонымен қатар, көптеген ғимараттар қирады. «Ерлік» монументі тыныштық пен тұрақтылықты бейнелейді.

5. «Бунедкор» стадионы
Бунедкор стадионы – Өзбекстандағы ең үлкен футбол стадионы. Ол Ташкент қаласының Чиланзар ауданында орналасқан. Оның жанында «Мирзо Ұлықбек» метро станциясы бар. Ғимаратқа қарама-қарсы сіз Гафур Гулям атындағы үлкен балалар саябағын таба аласыз. Сонымен қатар, 200 метр қашықтықта Чиланзар сауда орталығы орналасқан. Стадион жаңа бағытта салынған. Яғни, нысан кешке және түнде түсін ауыстырып тұрады. Бұл технология «шығыс жалыны» деп аталады. «Бунедкор» стадионында алғашқы футбол кездеуі 2013 жылы өткен. Стадионға 32 мың көрермен сияды.