Жетісуда бір күнде 15 баладан қауіпті індет анықталды

Алматы облысында 13 шілдедегі мәлімет бойынша барлығы коронавирустың 28 455 жағдайы тіркелді.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,2%-дан 0,3%-ға дейін өсті. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Талғар аудандарында байқалды.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 86 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,3%, оның ішінде 70 симптомдық және 16 симптомсыз жағдай бар (Балқаш — 2, Еңбекшіқазақ — 2, Ескелді — 1, Жамбыл – 4, Іле – 12, Қарасай — 10, Қаратал — 7, Панфилов – 7, Талғар – 14, Ұйғыр – 9, Талдықорған – 16, Текелі — 2). КВИ анықталған 86 жағдайдың 15-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды.

13 шілдедегі жағдай бойынша барлығын қосқанда, 26 918 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 17 пациент шығарылды, 34 адам үйде оқшаулаудан босатылды.