Өткен тәулікте Алматы облысында 85 адамнан коронавирус анықталды.
Оның ішінде Іле ауданында 20 жағдай, Талдықорған қаласында 19 жағдай, Талғар ауданында 11 жағдай, Қарасай ауданында – 10, Қаратал ауданы мен Текелі қаласында 5 жағдайдан, Балқаш және Жамбыл аудандарында 3 жағдайдан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарында 2 жағдайдан, Ескелді, Көксу, Райымбек, Сарқан және Ұйғыр аудандарында 1 жағдайдан тіркелді. Нәтижесінде өңір «Сары» аймақта.
Сондай-ақ 8 адам тәж тажалдан емделіп шықты. Бүгінде ауруханаларда 910 адам ем қабылдауда, 29-ның жағдайы ауыр. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 48,9 пайызға толған. Бір тәулікте 95 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Ауруханалардағы жалпы жатын орындары саны – 1860.
Соңғы 3 күнде 5656 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 37 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 440 143. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 5654. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 241 985. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1608.