Қазақстан AstraZeneca вакцина өндірушілерімен келіссөзді тоқтатты

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазақстан AstraZeneca вакцинасын өндірушілерімен келіссөздерді тоқтатты», — деп хабарлады.

Сонымен қатар, Е.Есқалиев келіссөздің тоқтатылуына басты себеп вакцина сапасы екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі өзге де вакцина өндірушілермен келіссөз жүргізуде. Соның бірі «Pfizer» компаниясының вакцинасына қатысты өндірушілермен өткен келіссөз. Бірақ, компания жеткізілімнің графигін бекітпегені белгілі болды.

                                                                                    Жазира Бекболатова,

                                                         Түркістан облысы,

Шардара ауданы,

                                           Қ.Аманжолов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы.