140 балл жинаған түлек

Елімізде биыл ҰБТ-дан 140 балл жинаған алғашқы түлек тіркелді. ҰБТ сұрақтарының барлығына толықтай жауап берген түлектің есімі — Данияр Арманұлы Уәлиев.  Ол Павлодар облысы білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицей- интернатын тәмамдады.

Лицей директоры Рахим Уркембаевтың хабарлауынша, биыл мектепті 50 оқушы аяқтаған. Соның бірі Данияр Уәлиев өз білімі мен дарындылығымен көзге түскен:

«Біздің лицейде тек ер балалар оқиды. Сондай-ақ мектебімізде жаратылыстану бағыты тереңдетіп оқытылады. Математика, физика, химия, биология, информатика және де ағылшын тілдеріне басымдық беріледі. Қазіргі  таңда білім ордамызда 260 оқушы білім алып жатыр. Олардың барлығы білімді, дарынды көптеген пән олимпиадаларының жеңімпаздары. Биылғы түлектерге тоқталсам барлығы да республикалық олимпиада жеңімпазы, ірі білім жарыстарында көзге түскен балалар. ҰБТ-дан 140 балл жинап, қуанышымызды еселеп отырған Данияр тек білімді ғана емес сонымен қатар спортқа жақын, жүзуден спорт шеберлігіне үміткер. Олимпиада чемпионы  Дмитрий Баландин мен бірге дайындалған және де «Алтын белгі» үміткері»,- дейді лицей директоры.

Аружан Шардарбек,

Түркістан облысы

Шардара ауданы

Сүткент ауылы

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы.