Жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Су айдындарындағы балалар өмірінің қауіпсіздігі көптеген жағдайларда сіздерге ғана байланысты!

Ыстық ауа-райының басталуына байланысты, жазғы кезеңде су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында сіздерге: табиғи және жасанды су айдындарындағы мінез-құлық ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз. Бұл сіздің балаларыңыздың судағы жазатайым оқиғаларын ескертеді, балаларыңыздың бүгінгі және ертеңгі өмірі осыған байланысты.

Шомылуға қатаң тыйым салынады:

— балалардың ересектердің қадағалауынсыз;

— бейтаныс жерлерде;

— үрлемелі матрацтарда, камераларда және басқа да жүзу құралдарында (ересектердің қадағалауынсыз);

Келесі ережелерді сақтау қажет: суға кірмес бұрын бірнеше жеңіл жаттығулар жасаңыз;

Судың температурасы денеге ыңғайлы екеніне көз жеткізіп, біртіндеп суға кіріңіз (белгіленген нормадан төмен емес).

Табиғи су айдынында шомылу кезінде белгіленген қоршау белгілерінен тыс жүзбеңіз, моторлы қайықтарға және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзбеңіз.

Күн өтпес үшін жағажайда бас киімде демалыңыз.

Алматы облысы білім басқармасының

 Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі.