Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Осы аптада аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бейнебайланыс арқылы мектеп директорларымен жиын өткізілді. Жиын барысында Ескелді ауданы бойынша ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Абдулин Әділ Ярмахамятұлы жаз мезгіліндегі оқушылардың судағы қауіпсіздігін сақтау ережелерін ескертіп айтты.

Сонымен қатар, Ескелді аудандық полиция майоры ЖПБ аға инспекторы Намазиманова Эльмира Асетовна соңғы қоңырау мерекесіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, қылмыстық оқиғалардың алдын алу және ата-аналармен кешкі уақытта оқушылардың көшеге шығуы туралы профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттігін айтып өтті. Аудандық білім бөлімі тарапынан арнайы тақырыптық бұйрықтар шығарылып, барлығы мектеп басшыларына жеткізілді. Сонымен қатар, суда жүзу қауіпсіздігін сақтауы туралы ескерту, ата-аналармен қосымша жұмыс жүргізу, техникалық қауіпсіздігін нығайту, оқушылардың кешкі мезгілде ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен жүрген кезде айыппұл тағайындалатыны туралы тағы да бір мәрте айтылды. Сонымен қатар, соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасын бекітілген санитарлық талаптарға сай өткізу туралы және мерекеге оқушылардан, ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынуы туралы айтылды. Соңғы қоңырау мерекесі соңынан ата-аналармен немесе бөлек оқушыларға көкке, серуенге шығу, басқа жақтан жалға пәтер алу, ойын-сауық орындарына бару сияқты іс-шараларға тыйым салынатыны туралы ескертілді. Осы шараларды жан-жақты бақылайтын арнайы мониторингтік топ құрылғаны туралы айтылды.

Алматы облысы білім басқармасының

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі.