ХХІХ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалының ХХIХ есеп беру-сайлау Конференциясы өтті. Конференцияны Саяси кеңес Бюро мүшесі Қуат Майнұрұлы Алпысбаев ашып, жүргізді.
Конференция жұмысына «Жетісу» футбол клубының директоры, Алматы облыстық партия филиалының Саяси кеңес, Саяси кеңес Бюро мүшесі Серік Мейірханұлы Мұқанов, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадырұлы Нұрқадыров, аудан әкімінің орынбасары Елдос Тұрсынбайұлы Ахметов, бастауыш партия ұйымы төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мекеме басшылары қатысты.

 

Конференция бастамасында аудандық филиалдың бірінші орынбасары қызметін а.ж. 1 сәуіріне дейін атқарып келген Идрисов Дәулет Садыровичке алғыс хат табысталды.
Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелеріне сәйкес конференция барысында «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Тазабекұлы Жайық тағайындалды.
Екінші мәселе «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі беріліп және алдағы кезеңге арналған міндеттері бекітілді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге сәйкес «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалының Саяси кеңесінің, Саяси кеңес Бюросының мүшелері сайланды. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының XХVIII есеп беру-сайлау Конференциясына делегаттарды сайланды.

Қожагельдинова Назерке «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалының консультанты.