ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар кезек-кезегімен жүргізілуде.

Наурыз мейрамы қарсаңында дуатлон спорт түрінен спорт ардагері Бақытжан Бектенов 22 км қашықтықта жүгірді.

Ұлттық ойын спорт түрлерінен Сырымбет ауылдық округінде ауылдық округтер арасында асық ату мен тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Асық ату ойынынан 1-орын Дәулетхан Ағжол (Сырымбет а/о), 2-орын Бейсенәлі Есхат (Төлеңгіт а/о), 3-орын Нұрғали Дархан (Төлеңгіт а/о), ал тоғызқұмалақ ойынынан 1-орын Әділжан Таңнұр (Төлеңгіт а/о), 2-орын Әбидолда Сержан (Сырымбет а/о) және 3-орын Мұхат Әлімжан (Сырымбет а/о) спортшылары иеленді.

Ш.ТЕМІРҒАЛИЕВ,

Ескелді ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.