Департамент ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті іс-шаралар жоспарына сәйкес Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысын онлайн режимінде өткізді.

Күн тәртібінде Кербұлақ, Балқаш, Іле аудандары мен Қапшағай қаласының мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторингтердің нәтижелері қаралды.

Сонымен қатар, кездесу барысында «Талдықорған қаласындағы жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы Атайбеков Айдос Абылқасымұлы «Атаулы әлеуметтік көмек» тақырыбында және «Талдықорған қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әлиұлы Нұрымның «Ауыр сырқаты бар мүгедек адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу» тақырыбында баяндамалары тыңдалды.

Отырыс соңында Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, қойған сұрақтарға толық жауаптар мен түсініктемелер берді. Іс-шараға қатысушылар кеңес барысында көтерілген мәселелерді шешу бойынша бірлескен шаралар өткізу туралы келісті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті.