Бос лауазымдар жәрмеңкесі

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті қызметкерлері, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарға қызмет көрсету орталығымен» онлайн-форматта ұйымдастырылған «Бос лауазымдар жәрмеңкесіне» қатысты.

Аталған жәрмеңкені ұйымдастырудағы басты мақсаты еңбек нарығындағы мамандарға деген қажеттіліктерді айқындау, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өзара байланыс орнату және мемлекеттік қызметке дарынды, креативті жастарды тарту болатын. Жұмыс берушілер ретінде түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.

Іс-шара барысында Департамент қызметкері А. Стамбекова, қатысушыларды облыстың мемлекеттік органдарындағы бүгінгі күнгі өзекті бос орындармен, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру шарттары мен тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар бірінші кезекте Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тесттен өтуі туралы айтылып, одан әрі мемлекеттік орган жариялаған конкурсқа қатысуы және арнайы комиссияда әңгімелесуден өтуі туралы мағлұматтар берілді.

Шара соңында жәрмеңке қатысушыларға облыстық мемлекеттік органдардағы бос орындар тізімі, тестілеуден өту үшін үйден шықпай-ақ «Электронды үкімет» порталы арқылы тіркелу бойынша бейне-ролик, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған тестілеу бағдарламасы бойынша инфографика және кеңес алуға арналған Департаменттің байланыс телефондары ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті.