«Мобилді азаматтар базасы» (МАБ) дегеніміз не?

МАБ — барлық қызметтерді eGov.kz, eGov mobile мобильді қосымшасы және телеграм-боттан бірнеше минут ішінде алуға мүмкіндік беретін клиенттердің ұялы телефон нөмірлерінің базасы. МАБ-қа тіркелудің бірнеше жолы бар:

1) eGov.kz порталы арқылы ЭЦҚ-сыз: eGov.kz-ке кіріңіз > төменгі оң жақ бұрышта «виртуалды ассистентке» басыңыз > «қоңырауларды» таңдаңыз > «ХҚО» таңдаңыз > «бейнеқоңырауға» басыңыз > виртуалды ассистентпен қосылғаннан кейін «жеке куәліктерді» көрсетіңіз > телефон нөміріңізді жазыңыз > ассистент жіберген растау кодын айтыңыз > дайын! ЭЦҚ-мен: eGov.kz-ті ашыңыз > «жеке кабинетке» кіріңіз > «телефон» бағанында телефон нөмірін енгізіңіз > ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қойыңыз.

2) eGov mobile қосымшасы арқылы EGov mobile-да авторланыңыз > «Жеке кабинетке» кіріңіз > «Телефон» бағанында телефон нөмірін көрсетіңіз > растау кодын енгізіңіз.