Ескелді ауданының әкімдігі үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтерді ұсынудың кезекті есептік кезеңі туралы хабарлайды. Мәліметтерді ұсыну мерзімі 2021 жылғы 31 наурызда аяқталады.
Осыған байланысты, үкіметтік емес ұйымдарға https://infonpo.gov.kz веб-порталда электрондық нысанын уақтылы толтыру ұсынылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ Дерекқорында тіркелу Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік
бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді веб-портал арқылы электрондық түрде ұсыну үшін https://infonpo.gov.kz Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) немесе сервистік әкімдіктен электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) тапсыру мүмкіндігі бар.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.