МҚКДД БЛОГЫ БОЙЫНША БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Бүгін «Алматы облысындағы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің күні» аясында ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғаның жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің өкілдері «Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ведомстволық мониторинг және бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға Алматы облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалар мен аудандық әкімдіктердің қызметкерлері қатысты.

Министрлік уәкілетті тұлғаның міндеттері мен функцияларын түсіндірді, сондай-ақ оның жұмысы бойынша нақты практикалық ұсынымдар берді. Уәкілетті тұлғаның негізгі міндеті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі мониторингті және үйлестіруді іске асыру болып табылады.

Айта кетейік, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғаны немесе бөлімшені айқындау жөніндегі жұмыс Мемлекет басшысы 2020 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде барлық мемлекеттік органдарда жүргізілуде.

Сөз соңында қатысушылар осы тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.