ЖЕТІСУ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ КЕҢСЕСІ АЯСЫНДА «МОБИЛДІ АУЫЛ 24/7» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫУЫН БАСТАДЫ

«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің негізгі бағыттарының бірі халыққа қолайлы жағдай жасау. Сол мақсатта жобалық кеңсе аясында Алматы облысының Панфилов ауданында және Іле ауданының Айдарлы мен Қараой ауылдық округтерінде «Мобилді ауыл» жобасы жүзеге асырылуда.

«Мобилді ауыл» жобасы жергілікті елді мекендерде, WhatsApp, Telegram мессенджерлері аясында, мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мекемелер, жергілікті полиция қызметкерлері, салық қызметкерлері, аурухана қызметкерлері, білім беру мекемелерінің басшылары және тағы басқа мекеме қызметкерлері онлайн форматта халықпен тікелей байланыс орнатып, мазалағын сұрақтарын, туындаған мәселелерін тікелей жауап беруге арналған жоба.

Сонымен қатар, «Мобилді ауыл» жобасы — 24/7 режимінде «ашық диалог» орнату арқылы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыратын жобалардың бірі. Бұған қоса, жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерін жоюға мүмкіндік береді және қандай да бір өңірге (ауылдық округ, аудан, қала) қатысты кез келген мәселелерді уақытылы және жылдам шешуге бағытталған.

«Мобилді ауыл» жобасы аясында әрбір тұрғын проблемалық cұрақтын фото, видеосымен жолдай алады немесе жай ғана «жұмыс чатына» хабарлама жаза отырып, уәкілетті органдарға өз өңірінің қандай да бір шешілмеген мәселелердің бар екендігі туралы жеткізе алады.

Айта кету керек, бұл жоба Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда осы жобаның қатысушылары:

— Айдарлы ауылдық округі аппаратының мамандары;

— Айдарлы ауылдық мәдениет үйінің директоры;

— Участкелік полиция қызметкері;

— Амбулатория жетекшілері;

— Айдарлы ауылдық округінің мектеп директорлары;

— Су құбыры кызметкерлері;

— АЭЖ қызметкерлері;

— Қоғамдық ұйым төрағалары, мүшелері;

— Көше басшылары;

— Ауылдың белсенді жастары;

Аталған жоба Алматы облысы Іле ауданы Айдарлы және Қараой ауылдық округтерінің тұрғындарынан оң пікірлер алғанын ескере отырып, «Мобилді ауыл 24/7» жобасы Алматы облысының барлық ауылдық округтерінде осы жылдың наурыз айынан бастап жүзеге асырылатын болады.

«ЖЕТІСУ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ