ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

БҮГІНГІ ТАҢДА діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі. Сол себепті мұндай мәселені шешу ұлттың келбетін сақтаудың кепілі болмақ.

Аталмыш мәселенің алдын алу кезек күттірмейтін шара. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиелей отырып, діни көзқарасын «экстремизм», «терроризм» ұғымдарын қалыптастыру мақсатында аудандық білім бөлімінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуына бағытталған іс-шара
жоспары құрылып, бекітілген. Ескелді ауданына қарасты білім мекемелері осы құрылған жоспар
негізінде мектепішілік жоспарлар құрып, алдын алу шараларын жүргізуде. Жоспарға сай мектеп- терде ҚР Президентінің Жарғысының орындалуы негізінде жасөспірімдер мен жастар арасында діни
экстремизмнің алдын алу ақпараттық бұрышы дайындалды. Мектеп оқушыларына жылына екі рет эт- носератаизм мен экстремизмге қарсы нұсқаулықтар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары та-ныстырып отырады. «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу және ескерту шаралары» дөңгелек
үстел, «Діни экстремизмнің әлемдік қауіп-қатері» баяндама «Қазіргі діни ұйымдар», «Діни экстремизм деген не?», «Адастырушы діни ағымдар», т.б. тақырыптарда ашық әңгіме мен тәрбие сағаттары
өткізілді. Әр өткізілген шарада оқушылар арасында қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде болып
жатқан діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға байланысты сұрақтар қаралып талқыланды. Оқушыларға «Хиджаб, паранжа, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою» мәселелері түсіндірілді.
Дүние жүзінде діндердің таралуы бойынша біраз мәліметтер берілді.

Ауданымыз бойынша бұл бағытта, заңдар қайта қаралып, толықтырылды, арнаулы бұйрықтар
шығарылды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Алайда, діни экстремизммен күресте ең
маңызды қадам бұл діни сауаттылық екендігі даусыз. Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар,
әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралады. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу – діни сауаттылықтың бір қыры. Өйткені, қазақ тарихына үңілген кез келген адам
қазақ халқында өзге елді жаулау, өзге ұлт пен дінді кемсіту секілді көріністердің орын алмағандығын
көреді. Сондай-ақ ұлттық дәстүрдің ислам шарттары- на қарсы келмейтіндігін, тіпті үндесіп тұратындығын
байқау үшін де асқан сауаттылықтың қажеті жоқ.

Сонымен қатар діни ұйымдарға қатысатын отбасылар мен оқушыларды анықтау, әлеуметтікпедагогикалық диагностика жүргізу, мектеп ішіндегі оқушылардың киімі туралы ережесін сақтауын
қадағалау, мектеп ғимараты мен ауласына кел- ген бөгде адамдарға бақылау жүргізу жұмыстары
да жүргізіледі. Қазақстандық әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде
қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден-ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» деген қанатты сөзі бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «Алтау ала бол- са ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың
«Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында біз сөз
еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес. Сондықтан бәрімізге әсіресе, ұстаздар қауымына
қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы
үшін бір кісідей атсалысып, ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамауымыз керек. Осы бағыттағы іс-шаралар
басты назарға алынып, жалғасын таппақ.

Ш. ЖАҚАНОВА, білім бөлімінің сектор меңгерушісі.