ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Өткен аптада мектеп оқушылары арасында облыстық «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық турнирі болып өтті. Турнирдің мақсаты — мектеп оқушыларының мәдени ой-өрісін кеңейтіп, қоғамда орын алған өзекті мәселелерді көпшілік алдында талдай білу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Аталған сайысқа ауданымыздың намысын қорғау үшін Қарабұлақ орта мектебінің 8-10 сынып оқушыларынан құрылған «ЭЛИТА» дебаттық тобы қатысып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілген тақырыптарға сай сөз шеберліктерін таныта біліп, өз ойларын ортаға салды.

Облыс бойынша әр ауданнан қатысқан дебаттық топтардың арасынан біздің оқушыларымыз іріктеуден өтіп, сыни ой айтуда ерекше көзге түсіп, Қазақ лигасы «Дебаттық креатив» номинациясымен (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Қалиолданова), ал ағылшын лигасы 2-орынды (жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Бекдесинова) қанжығаларына байлады.

Ж. РАЙЫМБЕКОВА, Қарабұлақ орта мектебі

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.