ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

Ол үшін: * Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс; * SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон; * Компьютеріңізде веб-камера болуы керек; * Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз. Порталдың басты бетінде еgov.kz «ЭЦҚ қашықтықтан алу»батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде «Рұқсат ету» түймесін

басыңыз. ✅ Мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бір реттік құпиясөз) енгізіңіз; Назар аударыңыз! Егер сіз бұрын МАБ-та тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынады. ✅ МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексереді; ✅ «ЭЦҚ алуға өту» батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірін және SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басын растап, (Digital ID жасау),»Бастау» батырмасын басу қажет»; ✅ Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағы шеңберге «орналастырып», фото белгісіне басыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне сәйкестендіруді өту үшін «Жалғастыру» түймесін басыңыз; ✅ Әрі қарай сізге бейнесәйкестендіру терезесі ашылады, онда «Бастау» түймесін басу керек. Бейнесәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, «PIN-кодты орнату» батырмасын басу қажет»; ✅ Жеке куәліктің фотосуретін жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз; ✅ Электрондық мекенжайды өтініштің электрондық нұсқасына қосыңыз және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жіберіңіз; ✅ Бұдан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және » Ашу » батырмасын басыңыз». ✅ ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз және «сертификаттарды Жүктеу»батырмасын басыңыз.