МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ

Дарынды жастарға қолдау көрсетіп, жастардың туған өлкесінің дамуына өзіндік үлесін қосып, жақсы білім алуы арқылы жастардың болашағын жарқын ету үшін қызықты іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Осы мақсатта жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін Жалғызағаш ауылдық округінің нұсқаушысы Диас Орынбасардың ұйымдастыруымен 16 қазан күні «Рухани қазына — тіл тағдыры» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысын Жалғызағаш ауылдық округінің кітапхана қызметкері Г.Сыдықова өз сөзінде жастарға жарқын болашақ тілеп, ұлағатты ұрпақ болып өсуіне тілек білдірді. Мектеп оқушылары әдебиеттік оқудан өздерінің дарынын шыңдады. Жалпы іс-шара өте қызықты, әрі тартысты өтті.

Д.Орынбасар,

Жалғызағаш ауылдық округінің жастар

ісі жөніндегі нұсқаушысы