ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ АЛАТЫН ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда.
Инклюзив – сөзі латын тілінен ау-дарғанда «өзімді қосқанда», ал ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды.
Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі. Десек те, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.
Осы ретте мектептерімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп, түзете-дамыту бағдарламалары бойынша білім берілуде.
Жалпы, білім беретін мектепте мүм-кіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады.
Қазақстан Республикасының 11.07. 2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеумет-тік-медициналық-педагогикалық-психо-логиялық түзеу арқылы қолдау туралы» №343 заңы бойынша ПМПК сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы бағдарлама бойынша 5 түрлі куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған.
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі бала-лардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.
Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында – тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниетанымын кеңейтуді, олардың сезіне білу тәжірибесін байыта түсуді, балалардың сөйлеу және ақыл-ойының дамуын, танып білу әрекетіне дайын болуын қамтамасыз етеді. Оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру. Бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жүргізіледі. Тәрбиенің бұл түрі тек педагогтармен ғана емес, арнайы логопед, психолог, дәрігер, әлеуметтік педагог, мамандардың көме-гімен жүзеге асырылады. Баланың қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне көптен-көп септігін тигізетін пәндердің бірі – бейнелеу, қол еңбегі. Бұл пәндердің әр сыныпқа арнайы жеңілдетіп жасақталған бағдарламасымен жүргізі-леді. Мұндағы негізгі мақсатымыз – даму деңгейі шектеулі балалардың ой-өрісін, түсінігін, ұғымын, сөйлеу тілін дамыту.
“Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған ғой, осы өзгерістер арқылы ерекше қажеттілігі бар балалардың жеке тұлға болып дамуы мен қоғамдағы қажеттілігін қанағаттандыру – біздің бас-ты мақсатымыз деп білеміз.
Ескелді ауданының білім бөлімі.