ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

«Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлықтың 2018-2020 жылдардағы жоспарына сәйкес жылына екі рет ішкі және сыртқы талдау жүргізуде.
«Жетісу – адалдық алаңы» жобасына аясында 2020 жылдың 9 қазанынан «Ақша жинау фактілерін болдырмау» туралы бұйрығы іске асырылуда. Ауданның білім беру мекемелерінде «Адалдық алаңы», «Адал ұрпақ» патриоттық клубы жұмыс жасауда.
Ескелді ауданының білім беру мекемелері әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл сайлап, уәкіл міндеттемелерін жүктеу туралы бұйрық шығарып, әдеп жөніндегі уәкіл және мектеп директорларымен бетпе-бет бейнебайланыс арқылы міндеттемелері мен қызмет жүргізу жолдары, «Әдеп» кодексі мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы кодексі, «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» туралы заңымен таныстырылды.
Бөлімнің жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында педагог қызметкерлерден анонимді сауалнама алынып, білім бөлімінің фейсбук желісі арқылы 2020 жылдың 24 қараша күні тікелей эфирге шығарылды.

А.ӨМІРБЕКОВА,
аудандық білім бөлімінің бас маманы.