ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОБАЛАР БОЙЫНША ВЕБИНАР ӨТТІ

Ескелді ауданының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп директорларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларының білім сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік жобалары бойынша атқарылған іс-шараларды ортаға салған вебинар өткізілді.

Вебинар барысында Мелькомбинат негізгі орта мектебінен А.Косахбаева «Үштіктер қайда және қалай кетті?», М.Байысов атындағы орта мектебінен Н.Нурсейтов «Оқушы үні» жобалары туралы мектепте жүргізіліп жатқан жоспарлы іс-шараларымен таныстырып өтті. 1-тоқсандағы білім сапасы, оны арттыру бағытында атқарылған жұмыстар ортаға салынды.

Б.Жолбарысұлы атындағы орта мектебінен Д.Тамышева «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты зерттеу үрдісін қалай жүзеге асыруға болады?» тақырыбында презентация жасап, алдағы уақытта атқарылатын жоспарларымен бөлісті.

Ескелді ауданының білім бөлімі.