ЦОНы просят Казахстанцев оценить их работу. ХҚО-лар қазақстандықтарды өз жұмысын бағалауды сұрайды

Государственная корпорация «Правительство для граждан» запустила систему по оценке качества работы ЦОН с помощью QR-кода. Услугополучатели могут оставить отзыв касательно процесса обслуживания, инфраструктуры отдела и сервисной культуры. На сегодня более 500 граждан успели оставить свои отзывы и оценить качество работы отделов обслуживания населения. В каждом из 339 отделов посетители могут найти установленные стенды с QR-кодом. Воспользовавшись приложением, считывающим QR-коды, клиенты смогут мгновенно перейти на страницу с опросом на своем смартфоне. Граждане могут рассказать удовлетворены ли они работой оператора, комфортно ли им было обслуживаться, получили ли они необходимую информацию и т.д. Кроме того, услугополучатели могут оставить пожелания и отзывы, приложив фото или видеоматериал из отдела, который они посетили.

Обратная связь необходима Правительству для граждан, чтобы узнать мнение услугополучателей о деятельности госкорпорации и определить уровень их удовлетворённости. Также итоги опроса позволят выявить недочеты в отделах и оперативно их устранить.

Стоит отметить, что опрос также можно пройти самостоятельно на официальном интернет-ресурсе госкорпорации gov4c.kz в разделе «Обратная связь».

ХҚО-лар қазақстандықтарды өз жұмысын бағалауды сұрайды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы QR кодын пайдалана отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының сапасын бағалау жүйесін іске қосты. Келушілер оның көмегімен қызмет көрсету процесі, мәдениеті және бөлімнің инфрақұрылымы сияқты жайттар бойынша өз пікірлерін қалдыра алады. Бүгінде 500-ден астам азамат бұл тәсілді қолданып, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмыс сапасын бағалап үлгерді. Еліміздегі 339 бөлімнің әрқайсысында келушілер QR коды орнатылған стендтерді таба алады. QR кодты оқып-танитын қосымшаны пайдалану арқылы клиенттер смартфондағы сауалнама парағына бірден өтеді. Азаматтар онда оператордың жұмысына көңілі толғанын, қызметті алу ыңғайлы болған/болмағанын, қажет ақпаратты ала алғанын айтып бере алады. Сонымен қатар қызмет алушылар өздерінің тілек-пікірлерін фронт-офис фотосуретін немесе бейнесін жүктеу арқылы да білдіре алады. Аталған кері байланыс келушілердің мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы пікірін білу және олардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін қажет. Сондай-ақ сауалнама нәтижелері бөлімдердегі кемшіліктерді анықтауға және оларды жедел жоюға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, сауалнама сұрақтарына мемлекеттік корпорациясының gov4c.kz ресми интернет-ресурсындағы «Кері байланыс» бөліміне өту арқылы да жауап беруге болады.