ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ РӨЛІ

Осы аптада Ескелді ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен   мектеп әкімшілігіне  арналған  оқыту семинары   өткізілді.

Семинарда ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын жақсарту» бөліміндегі   міндеттерге баса назар аударылды. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар,  мүгедек балалар үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етудің құралы ретінде инклюзивті  білім беруді жүзеге асырудағы мектеп әкімшілігінің  рөлі туралы нұсқаулықтың таныстырылымы жасалды.

Инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыру  барысында  мүмкіндіктері шектеулі  балалардың сұраныстары мен қажеттіліктерін өтей   алатын оқытуды  ұйымдастыру мәселелері, оқушылардың  қоғамда өз орнын тауып, бейімделуі,  қоғамның толыққанды азаматы болып қалыптасуы үшін мектеп басшыларына, мұғалімдеріне және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандарына (психологтарға, логопедтерге, арнайы педагогтарға, әлеуметтік педагогтарға) ұсыныстар берілді.

 Ескелді ауданының білім бөлімі.