Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген ҚР азаматтарына психологиялық даярлау курсы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 24.04.2020 жылғы №158 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары психологиялық даярлаудан өтуі тиіс.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарға психологиялық даярлаудан өту курсы 3 ай, аптасына 1 рет «Skype» қосымшасы арқылы онлайн режімінде «Айналайын», облыстық №1 балалар үйлерінде және Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында өтеді. Балалар үйлерінің жауапты қызметкерлердің байланыс телефондары:

— Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйі: Әлеуметтік педагог — Оналбаева Назгүл Талгатқызы, психолог – Егинбаева Мөлдір Орныкбайқызы. 8(7282) 32-82-51, 30-23-22.

— Алматы қаласында орналасқан облыстық №1 балалар үйі: Әлеуметтік педагог — Кадырова Әсел Кадырқызы, психолог — Мендекулова Сәуле Алиппаевна. 8(7272) 69-62-40.

— Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты: Әлеуметтік педагог — Рахимбаева Ұлтуар Даиркажиевна, психолог — Каримова Айман Кайрдиновна. 8(72831) 9-12-69