Бюджет қаражаты қалай игерілуде?

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тиімді диалог платформасын құру бойынша «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасын жүргізуде ( publicbudget.kz).

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы «мемлекеттік мекемелердің халық алдындағы есептілігін күшейтетін сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің бірі, сондай-ақ ел Президенті ұсынған» еститін мемлекет » тұжырымдамасының талаптарына жауап беретін мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз ететін әмбебап құрал болып табылады.

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» бүкіл ел бойынша іске асырылуда. Бүгінгі таңда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жалпы сомасы 1 трлн. теңге, 969 мемлекеттік ұйым (барлық ұйым санының 57%).

Жобаның мақсаты қаржылық мәдениетті арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету арқылы азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру болып табылады.

Бюджет мәселелері бойынша азаматтардың хабардарлығын және тартылуын арттыру, жұртшылықтың бюджеттік ақпаратқа қол жеткізуін кеңейту және Қазақстанның бюджет жүйесінің ашықтығын, есептілігі мен тиімділігін арттыру арқылы мемлекетті басқаруға азаматтық қатысуға жәрдемдесу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасы