ПРАЙМЕРИЗ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Маусым айында еліміздегі жетекші партиялардың бірі «Nur Otan»партиясы «Праймериз туралы» ережесін жариялаған болатын.

Соның негізінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу бастау алды.

Праймериз Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет өткелі отыр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасының Парламентте бірауыздан мақұлданғанын ескерсек, болашақ депутаттарды праймериз арқылы іркітеудің тіпті де маңызы екеніне көз жеткізе түсеміз.

Бүгінде кандитаттар толығымен анықталып, өз бағдарламаларын халыққа ұсынды. Олардың арасында пікірсайыс жүріп жатыр. Кәсіби қызметінде және қоғамдық өмірінде жетістігі бар азаматтар халықтың сенімін арқалайтын болады. Бұл – елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаның жарқын қадамы.

 

Жанахмет ИСАБАЕВ,

«Жетісу шұғыласы» газетінің бас редакторы.