Бала асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру.

Достар, біз, әдеттегідей, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу жолдарымен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін #oqy&toqy айдарында Баланы асырап алғандар үшін тиісті куәлікті қайталап алуға қалай өтініш беру керектігін айтамыз!

Ол үшін:

— Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз

— Азаматтарға тарауынан «Отбасы» бөлімін таңдаңыз

— «Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін тауып, онлайн сұрау салыңыз

— Әрі қарай асыраушы туралы мәліметтерді толтырып, төлем жүргізіңіз (қызмет құны – 1 АЕК)

Дайын құжат электронды форматта 1 жұмыс күні ішінде дайын болуы тиіс!