ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ ҮНІНЕ ҮН ҚОСАЙЫҚ!

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халқына жолдауы еліміздің болашағын бағымдап, кемел келешеке бағыт-бағдар беріп, барша Қазақстан жұртын ел келешегінің дамуына жұмылдыруға бағытталып отыр. Осы орайда Президентіміз елдің әлеуметтік жағдайын көтерудегі әрбір ведомствоның жауапкершілігін нақты дәлелдермен көрсетіп берді. Әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпке, сот жүйесіне, ішкі істер саласына қатысты нақты талаптар қойды.
___
Бүгінде қол жеткізген жетістіктеріміз көп. Дегенменде бұл біздің елдің кемшілігі жоқ дегенді білдірмейді. Президентіміз еліміздің экономикасына, болашағына зор қатер төндірер кеселдердің бірі болған сыбайлас жемқорлықты айта келе оны жоюдың жолдарын атап еліміздің үкіметімен құқық қорғау салаларына нақты әрі тұшымды ұсыныстарымен талаптарын ортаға қойды, егер біз қоғам, ел болып Президентіміздің үніне үн қоссақ осы қадамның өзі біздің жарқын келешегімізге жасалған қадамдардың бірі болып табылатыны сөзсіз.
____
Алматы облысы дін істері басқармасы-ММ-ның «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-ның Ескелді ауданы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі маман-дінтанушысы- Д. Бөкей