«Цифрланудағы үздік» байқау!

Достар ! Азаматтарға арналған үкіметтің инстаграм парақшасында кішігірім «Цифрланудағы үздік» байқауының басталғанын хабарлаймыз.

Сіз ол үшін:

1. ХҚО-ға бармай-ақ, қандай қызметтерді өзіңіз алатындығыңыз, оларды қаншалықты жақсы білетіндігіңіз және қай қызметті онлайн форматқа ауыстыруға болатыны туралы пост жазыңыз;

2. постымыздың астына екі досыңызды белгілеп, «Қатысамын» сөзін жазыңыз;

3. біздің @gov4c.kz аккаунтымыздың жазылушысы болып, конкурстың қорытындысы шыққанға дейін парақшаңызды ашық ұстаңыз.

Байқау нәтижелері 1 қыркүйекте лайк саны бойынша анықталады. Ең танымал посттың авторына музыкалық колонка, тағы екі қатысушы «Азаматтарға арналған үкіметтен» бірдей пайдалы сыйлықтарға ие болады.

Іске сәт!