Қазіргі кезеңде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша көзқарас қалыптасып, олардың ізгілік мәні мектептің тәрбие саласында тереңірек ашылуда. Себебі, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары тәрбие саласы бойынша республикалық, облыстық түрлі байқаулар мен жарыстарға қатысып жүлделі орындарға қол жеткізіп, теңізге тамған тамшыдай мектепке үлестерін қосуда.
Қашықтықтан өткен халықаралық «Абай- дана, Абай – дара қазақта» атты балалар мен жасөспірімдер байқауларында вокал жанры бойынша 5 сынып оқушысы Ержанқызы Нурила ІІ –орын. Ақындық өнер жанры бойынша 3 сынып оқушысы Дауылқызы Самал І – орын.
Республикалық «Күз-береке» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық ән-би байқауында және «Жастар жаққан жұлдыз», «Ұлы дала ұрпағы» республикалық байқауларында «Аяна» би ансамблі жүлделі 1-орын.
«Нұрлы Жастар» республикалық көркем сөз, ән-би байқауында «Хореография» номинациясы бойынша «Аяна» би ансамблі қатысып, ұлт өнерін дәріптеуде ерекше қабілет танытқаны үшін 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Өскелең ұрпақтың бойына қазақстандық патриотизмге негізделген көзқарас қалыптастыру, әскери дағдыға баулу мақсатында өткен «Айбын» облыстық әскери-патриоттық, спорттық ойынында командалық топта 11 сынып оқушылары Аңсатай Ерсін, Сламхан Әділет, Айтпаев Джангир, Бердіхан Бағлан 1- орын.
Қашықтықтан өткен «Жетісу дарындары» облыстық дарынды балалар мен жастарға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына» арналған бейне сайысқа 11 сынып оқушысы Аңсатай Ерсін қатысып І- ші дәрежелі дипломмен марапатталса, ағылшын тілді еркін меңгеруде «Эмоционалды ағылшын мемдар» атты бейне сайысында 9 сынып оқушысы Мұрат Аяулым ІІІ- дәрежелі дипломмен марапатталса, «Teach me new words» бейне сайысында 8 сынып оқушысы Батырхан Нұрайым, 10 сынып оқушысы Жасұланқызы Айгерім ІІ- ші дәрежелі дипломдармен марапатталды және әдебиеттік кейіпкер портретін бейнелеудегі «Кейіпкер бейнесі» атты қашықтық бейне сайысында 9 сынып оқушысы Саткенов Нұрбек ІІ- ші дәрежелі диплом иеленсе, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс үшін рахмет» атты өлеңді мәнерлеп оқу қашықтық бейне сайысында 9 сынып оқушысы Нағызбек Гүлбайра І- ші дәрежелі диплом, 10 сынып оқушылары Жасұланқызы Айгерім ІІ- ші дәрежелі, Муса Лунара ІІІ -ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерей тойына орай онлайн түрде ұйымдастырылған «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс!» атты облыстық жас суретшілер байқауына белсенді қатысып, өз шығармашылығымен ерекшеленгені үшін 8 сынып оқушылары Батырхан Нұрайым, Сүлейменова Сымбат, 9 сынып оқушысы Саткенов Нұрбек алғыс хаттармен марапатталды.
Qalamger.kz әдеби-танымдық порталының ұйымдастыруымен өткен қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттауға арналған Республикалық «Фариза оқулары» конкурсына қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін 3 сынып оқушысы Амантай Алима марапатталды.
Қорытындылай келе Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп –гимназиясы 2019-2020 оқу жылында тәрбие саласы бойынша түрлі белестерді бағындырғаны сөзсіз. Яғни, өмірге әкелген бала алдында ата-ана өз жауапкершілігін дұрыс түсінсе, тәлім-тәрбиенің алтын ұясы – отбасы мен мектеп бірін-бірі байытып, толықтырып жатса, алынбайтын қамал, қол жетпейтін биік болмас.
Ш.Уәлиханов атындағы орта
мектеп-гимназиясының әкімшілігі.