ҰСТАЗДАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі- шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екендігі белгілі. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Аудан білім мекемелеріндегі ұстаздар аудан,облыс,республика көлемінде өткен түрлі әдістемелік іс-шараларға, семинарларға, конференцияларға, педагогикалық оқуларға қатысып, іс-тәжірибелерін таратып, шеберліктерін шыңдау үстінде.

Өнегелі шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, бәсекеге қабілетті маман даярлау жолында аянбай тер төгіп, бүгінгі заман талабына сай кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп, оқушысының рухани өсуіне жағдай туғыза білген көптеген ұстаздарымыз қашықтықтан оқыту жағдайында өткен облыс, республика көлемінде өтіп жатқан байқауларда жүлдегер атанды.

Қашықтықтан оқыту мүмкіндігін кеңейту үшін заманауи білім технологияларын пайдалана отырып,пәндер бойынша үздік бейнесабақтарды іріктеу мақсатында өткізілген облыстық «Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» байқауында М.Мәметова атындағы орта мектебінің педагог-психологы Н.Досжанова 1-орын, Қарабұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Т.Грищенко,Қарабұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Қалиолданова,Титов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі А.Тулеутаева,«Балдаурен» балабақшасының тәрбиешісі Г.Калыбекова 2-орын,Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі О.Сибирякова мен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі А.Базарбаева 3-орындарға ие болды.

Виртуалдық білім беру кеңістігінде білім берудің үздік бейнесабақтар қорын толықтыруға өз үлестерін қосқан ұстаздардың еңбектеріне шығармашылық табыстар тілейміз.

Аудандық білім бөлімі