Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау

Бүгінгі #oqy&toqy айдарын біз «Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін онлайн рәсімдеуге арнадық.

✔️Egov.kz порталына кіріңіз

✔️«Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін табыңыз

✔️Қызметті онлайн сұратыңыз

✔️Қайтыс болған кісінің ЖСН енгізіңіз

✔️Ақпаратты тексеру қажет

✔️Сұранымды жіберіңіз

✔️Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет

☑️Аталмыш қызметке өтінімді ХҚО-дан да беруге болады. Ол үшін келесі құжаттар қажет: ✔️Жерлеуді жүзеге асыратын адамның жеке басын куәландыратын құжат

✔️Заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе кәсіпкердің патенті ✔️Қайтыс болу фактісін растайтын құжат

Құжат туралы ақпаратты жеке кабинетіңіздегі қызметтерді алу тарихынан көре аласыз. Қызмет үш жұмыс күні ішінде дайын болады.