Бүгін #oqy&toqy айдарында білім беру ұйымдарының ресми құжаттарын апостильден өткізудің қысқа да нұсқа жолын көрсетпекпіз.
· Egov.kz порталына кіріңіз
· Іздеу жолы арқылы «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» қызметін табыңыз
· Қызметті онлайн сұратыңыз
· Өтініш беруші мен апостильденетін құжат туралы мәліметтерді толтырып шығыңыз
· «Файлды таңдау» арқылы құжаттың электронды көшірмесін порталға жүктеңіз
· Екінші қадамға өтіп, өтінішті ЭЦҚ арқылы растаңыз
· «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» батырмасын басу арқылы төлем жасаңыз
· Жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан қызметті өңдеу уақытымен танысыңыз
· Құжатқа апостиль қойғызуға, өзіңіз өтініште көрсеткен ХҚО-ға барасыз
· ХҚО-ға өзіңізбен бірге өтінішті, апостиль қойылатын құжатты, жеке куәлігіңізді, төлем туралы түбіртекті ала барыңыз
Айтпақшы, ХҚО-ға бару үшін кезекті алдын ала брондауды ұмытпаңыз