БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНА ЕНДІ

Қазіргі таңда жалпы білім беру мекемелерінің цифрландыру жүйесіне енуіне байланысты мониторинг жүргізу, мәліметтерді енгізу, алу үшін Ұлттық Білім Беру Деректер Қоры енгізілген. Оған ауданымыздағы 30 мектеп, 22 шағын орталық, 12 балабақша енгізілген.

Ұлттық Білім Беру Деректер Қорындағы негізгі бөлімдер- персонал, контингент бөлімдері.Осы бөлімдерде аудан білім мекемелеріндегі педагогтердің, оқушылардың барлық мәліметтері көрінуде.

Сонымен қатар әр мектептің барлық материалдық — техникалық мәліметтерін дұрыс енгізу негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Осы мақсатта ауданымызда Ұлттық Білім Беру Деректер Қорын дұрыс толтыру, мәліметтерді мерзімінде алып пайдалану мақсатында мектеп директорларымен он-лайн режимінде оқыту семинары өткізілді.

Бұл жерде талап бойынша мектептердің мәліметтері толыққанды, шынайы қамтылуы керек. Сонымен қатар «Күнделік» жүйесіне енген мектептер, интернет жылдамдығы, компьютер саны, жаңа модификациялы кабинеттер туралы, педагогтер туралы мәліметтерді, категорияларын, біліктілік көтеру курстарын, сағат санын, педагогтердің еңбек өтілін, т.б толтыру барысында басты назар аудару керектілігі семинар барысында атап өтіліп,нақты тапсырмалар берілді.

АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ.