ПРЕЗИДЕНТ ӘРБІР ЖАНҒА ЖАҢА ҚУАТ БЕРЕДІ

ҚР Президенті Қ.Тоқаев қоғамдағы түрлі саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани маңызы бар мәселелері жөнінде және Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік геосаяси кеңістіктегі көші туралы Ұлт басылымы – «Ана тілі» газетіне сұхбат берді.

Қасым-Жомарт Кемелұлының ел басқарғандағы сенім мен сынаққа толы болған бір жылында түрлі саяси және экономикалық салалар бойынша көптеген реформалар жасалған болатын. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы әлемді жайлаған пандемия жөнінде, оның қарапайым халыққа тигізген әсерін тілге тиек етті. Бұл дерттің өтпелі қиындық, уақытша сынақ екенін тағы да бір еске салды. Осы ретте әлемде індет тараған кезде Президентіміздің нақты шараларды уақытында қабылдағанын ұмытпауымыз керек. Соның арқасында аурудың алдын ала алдық деп те ойлаймын.

Одан басқа сұхбатта тіл мәселесінің көтерілуі, оған басымдық берілгені көңілді қуантты. Барлық ой-пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, Қасым-Жомарт Кемелұлы әрбір ұлт жанашыры алдымен қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілді жоғары көтеру керектігін айтты. Сонымен қатар, ол тіл мәселесіне келгенде посткеңестік республикалардағы және Орталық Азиядағы кейбір мемлекеттердің тәжірибелерін мысалға келтірді. Билік басына қазақ тілін жетік білетін мамандарды қабылдап, қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдерін көтеру қажет екенін айтты. Тек қазақ тілін ғана емес, еліміздің өсіп-өркендеуіне орыс тілі мен ағылшын тілі де ауадай қажеті сөзсіз. Мемлекет басшысы нақты ғылымдарды орыс тілінде оқыта берудің маңыздылығын, ал бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін міндеттеп,  ағылшын тілін тек орта сыныптардан бастау керектігін ұсынды.

Ұлт тілінің дамуы тек оқу-білімде емес, жан-жақты дамып жатқан түрлі салалардың бойында екенін дәл айтты. Мысалы, блогерлікті арқау еткен жаңа мамандық иелерінің көбісі қазақ тілінде контентті жүргізіп келе жатқандығы өте дұрыс бастама. Киноматография саласында да мемлекеттік тілдің мәртебесі өз деңгейінде қолданылса нұр үстіне нұр екені айдан анық.

Бейбіт шерулерге, алдын-ала хабарланған митингілерге түсіністікпен қарап, рұқсат берген ел басшысы халықтың мұң-мұқтажын ескеріп отыру деген сөз. Сондықтан бұл да бір іргелі бастама. Лауазымды басшыларға ғана емес, қарапайым еңбекпен өмір сүріп келе жатқан еңбек адамына көрсеткен ілтипаты да ерекше.

Бір сөзбен айтқанда, індеттің шырмауында қалған халыққа бұл мақала әрбір жанға жаңа қуат береді. Себебі, бұл жерде қоғамда өзекті боліп саналатын негізгі мәселелер Қасым-Жомарт Кемелұлының көзқарасымен ғана емес, халықтың үні арқылы жарыққа шыққан.

Ақбота ОРАЛБЕКОВА.