ҰБТ 2020 – ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық індеттің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар аясында, жыл сайынғы өткізіліп жүрген Ұлттық Біріңғай Тестілеудің де өткізу барысында үлкен өзгерістер орын алды. Биыл ҰБТ алғаш рет жаңа жағдайда өтеді: түлектер коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантиннің қатаң талаптарын сақтауы тиіс. Республика бойынша Ұлттық Бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, оған 130 мыңнан астам адам қатысады. Ауданымыздан биылғы жылы 280 бала тестілеу тапсыруға сұраныс беріп, 27, 28, 29, 30 маусым күндері сынаққа түседі.

ҰБТ-2020 туралы не білу керек?

ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУДЫҢ 5 КЕЗЕҢІ:

1.Дезинфекциялық тоннельден өтеді;

2.Арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімді зарарсыздандырады;

3.Дене қызуын өлшейді;

4.Қол зарарсыздандыру сұйықтығымен өңделеді;

5.Медициналық маскалар беріледі.

АУДИТОРИЯ:

1.Тестіленушілер арасындағы арақашықтықтың көлемі кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етіледі.

2.Аудитория 10-18 адаммен ғана шектеледі.

3.Әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең–кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады.

ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЖАТТАР:

Жеке басын сәйкестендіру тестілеуге рұқсаттама мен жеке басын куәландыратын құжаты негізінде; Жасы 16-ға толмаған оқушылар ағымдағы жылы орта білім беру ұйымын аяқтайтындығы туралы анықтама негізінде жүргізіледі. Бұл ретте, жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты бар және өтінішті онлайн тіркелу жолымен автоматтандырылған жүйе арқылы берген түсушілердің жеке басы бетінің көлемдік-кеңістікті формасының сканерленуі арқылы сәйкестендіріледі және тестілеуге жіберіледі.

ӨЗГЕРІСТЕР:

1)Биыл бірінші рет Face ID (бет-әлпетті тану) жүйесі қолданылды;

2)Балалар металл детекторынан өткен кезде тыйым салынған заттардың жоқтығын растап, қол қояды;

3)Бірінші рет калькулятор қолдануға рұқсат берілді

ШЕКТІ БАЛЛ ҚАНША:

— Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін – 70 балл;

— ұлттық жоғары оқу орындарына немесе медициналық мамандықтарға – 65 балл;

— агроөнеркәсіп кешені мамандықтарына – 60 балл;

— қалған жоғары оқу орындарына – 50 балл.

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАР:

Ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыстар: пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod(Айпод), SmartPhone (Смартфон), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

Радио-электрондық байланыстың барлық түрлері: (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект); 3G (3Джи); 4G(4Джи); 5G (5Джи); смарт сағаттар; сымды және сымсыз құлаққаптар.

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАР ТАБЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА:

«ҰБТ өткізу пунктінің ғимаратына кіргізу барысында металл іздегішпен тыйым салынған заттар табылған тестіленушіні ғимараттан шығару туралы» акт жасайды және түсуші сол тестілеуге жіберілмейді және ағымдағы жылғы тестілеуге жіберілмейді.

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖАЗБАЛАРЫН ТАЛДАУ:

ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын талдауды жүзеге асырады.

АУДИТОРИЯДА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНҒАН ЖАҒДАЙДА:

ҰБТ кезінде түсушілердің Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғаны анықталған жағдайда тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары) жойылады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегіне дейін нәтижелері жойылады.

АТА-АНАЛАРҒА:

Коронавирустық инфекцияның туындауына және таралуына жол бермеу мақсатында ата-аналарға ҰБТ өтетін пункттерде болуға рұқсат берілмейді;

Ғимарат аумағын құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршайды;

Әрбір ата-ана тестілеуді тапсыру процесін сілтеме арқылы онлайн көре алады;

Бұл үшін әрбір аудиторияның онлайн көрсетілімі қамтамасыз етіледі.

Ескелді ауданының білім бөлімі