АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ 2020 ЖЫЛДЫҢ 5 АЙЫНДА ЖЕДЕЛ-ТЕРГЕУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Ағымдағы жылдың 5 айында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментімен 105 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 70%-і немесе 75-і сыбайлас жемқорлық болып табылады.

Ауырлық дәрежесі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар көбінесе ауыр және аса ауыр қылмыстар ретінде сараланады, оларға 65% немесе 68 қылмыс келеді.

Жедел-тергеу тәжірибесіне талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың үлесі көбінесе парақорлықпен байланысты (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366, 367,368 баптары бойынша), оларға әрбір екінші тіркелген қылмыс 56% немесе 42 қылмыс келеді, 18,7% немесе 14 — лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактілеріне келеді, 3% немесе 2 — сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету, 6,7% алаяқтық немесе 5, билікті асыра пайдалану 8% немесе 6.

Есептік кезеңде (2020 жылдың 5 айында) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке 42 адам тартылды, оның ішінде әртурлі деңгейдегі 18 бірінші басшылар.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 33,3%-ы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, 14,3%-ы ҚР Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары, 10% — ы құқық қорғау органдардың қызметкерлері, 11%-ы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және 4% — ы квазимемлекеттік сектор қызметкерлері.

Нақтырақ айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық фактілерінің ең көп үлесі жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне келеді.

Мысалға, 2020 жылдың 5 айында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты 7 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді, 4 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасаған қылмыстардың негізгі бөлігі пара алумен байланысты.

Жергілікті атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мекемелердің 14 қызметкерлеріне қатысты есептік кезеңде 30 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді, бүгінгі таңда 12 қылмыс аяқталып, сотқа жіберілді.

Департамент мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында бюджет қаражатын ұрлаудың жолын кесуге ерекше көңіл бөледі,өйткені оларды табысты іске асыру өңірдің әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізудің пәрменді құралы болып табылады.

Есептік кезеңде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 10 Сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді, 5 адамға қатысты, сотқа

жолданумен 5 қылмыс аяқталды. Олардың ішінде: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша – 1 қылмыс, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша — 1, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша- 4 қылмыс және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша – 4 қылмыс.

Есептік кезеңде аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 1,9 млрд.теңгені құрады, бүгінгі күні 1,6 млрд. теңге немесе 85,9% өтелді. Сонымен қатар, аяқталған қылмыстық істер бойынша 265,0 млн. теңге мүлікке тыйым салынды.

Есептік кезеңде 5 адам сотталды, оның ішінде бас бостандығынан айыруға 2 жылдан 5 жылға дейін мерзімінде — 2 адам, 3 адамның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 21,7 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ (СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ) АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

МАҚАЖАНОВ ЕРНАР ӘБСЕЙІТҰЛЫ