Жетісу облысында «Тенгри» компаниясының 40 қызметкері сайлауға қатысты

Жетісу облысы Алакөл ауданына қарасты Достық ауылында «Тенгри» ЖШС ұжымы мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты. Кәсіпорынның 40 қызметкері №69 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Теміржол торабы орналасқан Достық ауылы үшін еңбек ұжымдарының қоғамдық өмірге араласуы маңызды. Бұл жолы компания қызметкерлері де жұмыс орнындағы әріптестерімен бірге сайлау учаскесіне барып, азаматтық міндеттерін орындады.

Сайлауға қатысу – әр азаматтың өз ұстанымын білдіріп, өңір мен елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуының бір жолы. «Тенгри» ЖШС қызметкерлерінің ұжым болып дауыс беруі осы азаматтық белсенділіктің көрінісі болды.