Бастөбе ауылдық округіндегі №162 сайлау учаскесінде сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды. Бір мезетте 200-ге жуық тұрғын келіп, мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты.
Дауыс берушілер арасында мұғалімдер мен дәрігерлерден бастап, мәдениет қызметкерлері, құрылысшылар, шаруа қожалықтарының жетекшілері және кәсіпкерлер болды. Ауылдың түрлі салада еңбек ететін азаматтарының бір жерде тоғысуы тұрғындардың ұйымшылдығын көрсетті.
Ауыл тұрғындарының сайлауға белсенді қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің және ортақ іске деген құрметтің көрінісі.