Туған күніндегі ерекше тарту: жетісулық мерейтойында дауыс берді

Қаратал ауданына қарасты Жаңаталап ауылының тұрғыны Булбул Оразбаева 60 жылдық мерейтойын сайлау күнімен тұспа-тұс қарсы алды. Бүгін ол №147 сайлау учаскесіне келіп, мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

1966 жылғы 29 қарашада дүниеге келген Булбул Мамановна – төрт баланың анасы, 11 немеренің аяулы әжесі. Бір ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген ол бүгінде балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып еңбек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып келеді.

Өмірін отбасы мен бала тәрбиесіне арнаған мерейтой иесі үшін биылғы туған күннің орны бөлек. Ол азаматтық белсенділік танытып, маңызды саяси науқанға қатысу арқылы ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Мерейтой иесіне зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр және ұрпағының қызығын көре беруіне тілектеспіз!