Кербұлақ ауданының жас ақыны сайлауда өз таңдауын жасады

Кербұлақ ауданының жас ақыны Бақыт Қалибек бүгін №186 сайлау учаскесіне келіп, мәслихат депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

Өнер мен шығармашылық саласында өзіндік орны бар жас ақын ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық белсенділігін танытты. Ол сайлауға қатысу арқылы өз азаматтық борышын орындап, қоғам өміріне бейжай қарамайтынын көрсетті.

Жастардың сайлау процесіне қатысуы – олардың ел болашағына деген жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігінің айқын көрінісі.

Айта кетейік, әрбір азаматтың таңдауы маңызды. Сайлауға қатысу – ел дамуына ортақ үлес қосудың бір жолы.