Мемлекет басшысының Жолдауы мектеп ұжымымен талқыланды

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Жанат Тәнірбергенұлы Оспанов және «Әділет» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Айдын Талғатұлы Құрманғалиев мектептің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген маңызды мәселелер талқыланды.

Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен міндеттерді түсіндіру, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен білім беру саласы үшін маңызын талқылау.

Осындай кездесулер еңбек ұжымдарының қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасуына, мемлекеттік бастамалармен кеңінен танысуына және ашық диалог орнатуына мүмкіндік береді.