Ескелді ауданының Ақын Сара ауылдық округінде «Әділет» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Айдын Құрманғалиев, партия мүшесі Қанат Сатанов және партия ардагері Қалабек Тастанбайұлы жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген маңызды мәселелер талқыланды.
Басқосудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен міндеттерді тұрғындарға түсіндіру, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызын талқылау.
Ауылдық жерлерді дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу және мемлекеттік бастамаларды іске асыру – тұрғындар үшін маңызды бағыттардың бірі.
Осындай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.